ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ЖАЗЫЛАМ ДЕП БАРЫП ЖАРАҚАТТАНЫП ҚАЙТТЫ

13:34, 1 сәуір 2021

Риддер қалалық ауруханасындағы медицина қызметкерлерінің немқұрайлылығы бізді әбден шаршатты дейді ашуға булыққан жергілікті тұрғындар. Қала тұрғындары наразылықтарын әлеуметтік желі арқылы білдіруде. Риддер қаласының тұрғыны анасының ауруханада ем алғанның орнына түрлі дене жарақатымен шыққанын  айтады. Аталған жағдай бойынша медицина мекемесінде қазіргі таңда қызметтік тексеру басталды. Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы бұл келеңсіз жәйтке қатысты түсініктеме берді. Түрлі дене жарақатын алған қарияның суреті әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Суреттегі кейуана еңбек ардагері – Зоя Текутьева. Желідегі жазба авторы ардагердің қызы. Ол анасының ауруханада ем алғанның орнына, түрлі дене жарақатын алғанын айтып, дәрігерлердің қызметін сынға алған. 21 наурыз күні Зоя Текутьева жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылған.  Зоя Текутьеваның қызы дәрігерлердің немқұрайлығы анамды осындай күйге жеткізді дейді. Әлеуметтік желі қолданушылары сурет ғаламторда пайда бола салысымен өз пікірлерін жарыса жаза бастаған. Бірі жапа шегушіні қолдаса, енді бірі емхана қызметкерлерін жақтауда. Ал өзгелері дәл осындай оқиға осы ауруханада бірнеше рет болғанын айтуда. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі оқиға дәрігерлердің салғырттығынан болған жоқ дейді. Риддер қалалық ауруханасының қызметкерлерімен бүгінгі таңда профилактикалық іс шара жүргізілген. Ал, Зоя Текутьеваның жақындары аталған жәйт көпшіліктің алдына шыққан соң, осы сынды оқиғалар болашақта қайталанбайды деген үмітте.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар