ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАППАЙ ВАКЦИНАЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

17:17, 7 сәуір 2021

Соңғы кездері ерікті түрде екпе аламын деп ниеттенген  азаматтардың екпені алуға барған емханаларында бірқатар кедергілерге тап болғаны жайында жиі айтылуда. Ерікті түрде екпе алу Шығыс Қазақстанда қалай жүргізіліп жатыр? Вакцина жеткілікті ме? Өңірде індетке қарсы вакцинациялау 1 ақпаннан басталған болатын. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде аймақта 9457 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 5118 адам ревакцинациядан өткен. Қазір вакцина құқық қорғау органдарының өкілдері мен медициналық қызметкерлерге, мұғалімдерге, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдарға егілуде. Бүгінде қала бойынша бірнеше вакцинация бекеттері ашылған. Онда кез-келген ниет білдірген азамат вакцина ала алады. Келесі аптадан бастап сауда орталықтарындағы бекеттер біртіндеп өз жұмысын бастайды. Тек Өскеменде ғана емес, вакцинациялау орындары аудан орталықтарда да ашылады. Ерікті түрде вакцина алсам деп ниеттенген қала тұрғыны Әділ Сайлаубек егов порталы арқылы қаладағы емханалардың біріне емес бірнешеуіне жүгінген. Қай емхананың табалдырығын тоздырмасын, ақ халаттылар вакцинаның жоқтығын айтып шығарып салыпты. Ерікті түрде екпе салдырамын деушілерге облыста вакцина тапшылығы байқала ма деген сауалдың жауабын облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының өз аузынан естідік. Шаһардағы №2 қалалық емханада екпе салу уақыты басталған ақпан айынан бері 700-дей адамға екпе салынған. Вакцина қоры да жеткілікті дейді мұндағылар. Ақ халаттылар осы уақытқа дейін вакцинаны салдырғандарда әлсіздікпен қатар дене қызуының көтерілгендігі жиі байқалды дейді. Алайда екпенің әсері тек алғашқы үш күнде байқалатындықтан ауырсыну сезімдері уақытша екендігін айтуда. Өз еркімен екпе алған жанның бірі - Арман Елғазынов. Әзірге екпені тек тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген жергілікті емханадан ғана алу мүмкіндігі бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар