ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ

17:17, 20 желтоқсан 2020

ШҚО  Бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы жаңа қаулыны бекітті.  Жаңа талапқа сәйкес карантиндік шектеу шаралары 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін ұзартылды. Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылауды қамтамасыз ететін санитарлық бекеттердің қызметі әлі де жалғасады.Облыс қазіргі таңда «жасыл аймаққа» өтті.  Алайда маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау әлі де міндетті. Ал бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын өткізуге рұқсат жоқ. Сондай-ақ ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып жаңа жылдық ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың жұмысына тыйым салынған. Ал қоғамдық тамақтану нысандары үшін жексенбіден басқа күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейінгі жұмыс режимі сақталады. Алайда, 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні бұл объектілер сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Талап - ұжымдық іс-шаралар өткізбейді, ал орын саны 50%-дан артық толмауы тиіс. Сонымен қатар, жасыл аймаққа көшуге байланысты ауданы 2000 м2 асатын азық-түлік тауарлары сатылатын сауда объектілерінің тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін атап өткім келеді. Ал кинотеатрлар 30% сыйымдылықпен жұмыс істейді. Ғимараттардың ішінде және сыртында орналасқан барлық түрдегі базарлар, сондай-ақ басқа да сауда объектілері қызметін тек жексенбіде тоқтата отырып, бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар