ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

17:18, 29 желтоқсан 2020

Семейдегі ядролық медицина радиологиялық орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта медициналық мекемеде пациенттерге шетелге шықпай-ақ қажетті ем алуға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылар орнатылуда. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов нысандағы монтаждау жұмыстарының барысымен танысты. Естеріңізге сала кетсек, нысанды тапсыру мерзімі сұйық радиоактивті қалдықтарды жою жүйесі дұрыс орнатылмағандықтан бөгелген болатын. Енді бұрын анықталған барлық кемшіліктер жойылды. Орнатылған қондырғы барлық стандарттарға сәйкес келеді. Айта кетерлігі, нысанның құрылыс барысы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың жеке бақылауында. Ол жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын үнемі тексеріп отырды. Бұл жолы облыс әкімі сұйық радиоактивті қалдықтар жүйесі қолданыстағы нормаларға сәйкес келетініне көз жеткізді. Қазіргі уақытта орталықта заманауи медициналық жабдықтарды орнату және монтаждау жүріп жатыр. Бұл дәрігерлерге қажетті емдеу процедураларын жүргізуге және емделушілерге жоғары деңгейдегі медициналық қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, отандастарымыз үшін шетелге шықпай-ақ өз денсаулығын жақсарту мүмкіндігі пайда болады. Семей радиологиялық орталығы үшін позитронды-эмиссиялық томографтар арнайы сатып алынды. Сондай-ақ, радиофармпрепараттарды шығару үшін циклотрон орнатылады. Өңір басшысы атап өткендей, шамамен жарты жылдан кейін Семейде елімізде баламасы жоқ бірегей медициналық мекеме жұмыс істей бастайды. Ядролық медицинаны дамыту перспективалары арасында мамандар радионуклеидті терапия бөлімшесінің ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар, қаламыздың онколог дәрігерлері қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуде радиойодтерапиясын жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта қазақстандықтар радиоиод терапиясын алу үшін шетелге барады. Медициналық қондырғыны толық орнату 6 ай ішінде аяқталады. Сонымен қатар радиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, технологиялық және клиникалық процестің бірыңғай жүйесін жолға қоюға байланысты рұқсат беру лицензияларын ресімдеу жұмысы жүргізілетін болады. Жоспарларға сәйкес, орталық келесі жылдың жазында жұмысын бастайды

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар