ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Ядролық медицина орталығы іске қосылды

13:34, 28 мамыр 2021

Семей ядролық медицина және онкология орталығының базасында радиофармпрепараттарды қолдану арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мен емдеуге арналған еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл орталықтың құрылысы жауапсыз мердігерлер мен сот дауларына байланысты 9 жылға созылған болатын. Ядролық медицина орталығының ашылуы Семей қаласы үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға. Бұл Қазақстанда ашылған алғашқы орталық. Оны іске қосу үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Радионуклидтік диагностика және терапия бөлімшелері жұмыстарын бастады. Сәуір айының ортасынан бастап бөлімшеде БФЭКТ аппараттарында жұмыс жүргізілуде. Мұнда бүйрек, қалқанша жанындағы без , қалқанша безі, бауыр, асқазан-ішек жолдары тексеріледі. Бөлімшеде қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған 5 аппарат орнатылған. Барлық диагностикалық құрылғылар аптасына 120 науқасты тексеруге мүмкіндік береді. Ядролық медицина орталығын іске қосудың екінші кезеңінде 15 орындық радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылады. Палаталар ем алғаннан кейін пациенттерді оқшаулау үшін арнайы қорғасын есіктерімен жабдықталған. Соңғы кезең - әрі қарайғы диагностикада қолдану үшін сұйық радиоактивті изотоптарды өндіру жүйесін іске қосу. Циклотон құрылғысы 7 жыл бойы тұрған. Жобаға қатысқан профессорлардың айтуынша, қондырғыларды орнату бойынша көптеген кемшіліктер болған. Ядролық медицина орталығын жобалау және салу кезінде қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Ядролық орталықтың әрбір бөлмесінде қысымды, температураны және ылғалдылықты автоматты түрде басқаруға мүмкіндік беретін құрылғылар орнатылған. Жеке бөлмелерде радиациялық сәулеленуді бақылауға арналған дозиметрлер бар. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен оншақты қызметкер шетелдерде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағдарламасы шеңберінде медициналық тағылымдамадан өткен.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...