ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ВАКЦИНА ЕГУДІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

13:32, 22 ақпан 2021

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе қойдырудың екінші кезеңі басталды. Вакцинаны қайтадан ектіру үшін медицина қызметкерлері рұқсат қағаздарын алуда. Біздің арна тілшілері қалалық №2 емханасына барып екпе қойдырғандардың хал-жағдайымен танысып,  екінші рет егу жұмыстарының ұйымдастырылу барысын көріп қайтты. Қаламызда вакцинаны ерікті түрде қойдырған медициналық қызметкерлердің бірі - Алма Кәкетаева. Ол «Жедел жәрдем» қызметінде фельдшер болып жұмыс істейді. Бірінші екпеден кейін өзін жақсы сезінетінін айтады. Мамандар бекітілген тізімдегі медициналық қызметкерлердің ешқайсысы  вакцина алудан бас тартқан жоқ дейді. Қазіргі уақытта екінші рет екпе алатын  40 адамның 10-ы рұқсат қағаздарымен вакцина қойдырыпты. COVID-19-ға қарсы вакцина екінші рет иммунитетті күшейту үшін қойылады. Екпе алғандар бірінші кезеңдегідей үш күн дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар