ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ВАКЦИНА ЕГУ ЖАЛҒАСУДА

13:30, 11 ақпан 2021

Семейде ресейлік «Sputnik V» векторлық вакцинасының қоры мен дұрыс сақталуы тексерілді.   «Шығыс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалық филиалының жетекшісі шаһарға жеткізілетін вакцина сақталатын №1 емхананың қоймасында болып,  препараттың жеткілікті екендігіне және вакцинаның белгіленген нормаларға сәйкес сақталатындығына көз жеткізді. «Ковид-19» вирусына қарсы вакцинацияның бірінші кезеңі қызу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары екпе науқанын ойдағыдай жүргізу үшін өндірушінің нұсқауларын орындау маңызды екенін айтады. Вакцинаны тасымалдау және сақтау кезінде ең алдымен температуралық режимді ескеру керек. Өйткені препараттың тиімділігі көп жағдайда оның дұрыс сақталуына байланысты. Қоймада вакцинадан бөлек, инъекцияға арналған шприцтер қоры дайындалған. Оның бір ампуласы 5 дозаға шақталған. Екпе алғысы келетіндер алдымен термометриядан өтеді, содан кейін сыртқы киімдерін арнайы бөлмеге тастап, бейдж алады. Пациент аталмыш процедуралардан өтіп жатқанда, вакцина бөлме температурасында қызады. Екпеден кейін вакцина алған адам белгілі бір уақыт дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Пандемия басталған кезде дәріханаларда вирустық инфекцияларға қарсы препараттар жетіспегені белгілі.Тіпті қарапайым парацетамол мен аспириннің өзі тапшы болды. Дегенмен жағдай біртіндеп қалпына келді. Бүгінде қажетті дәрілер қолжетімді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалық филиалының жетекшісі науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде берілетін дәрі-дәрмектердің болуын тексерді. Бірінші кезекте вакцинаны инфекция қаупі жоғары медициналық қызметкерлер алып жатқаны баршаға аян. Одан кейін басқа қызмет салаларының өкілдері екпе ала бастайды. Оның ішінде мұғалімдер де бар. Осылайша халықтың барлық санаттары вакцинациямен қамтылмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар