ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА

17:15, 23 ақпан 2021

Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде отандық медицинаны дамыту бағытында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Көптеген емдеу нысандары бой көтерді. Ал Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қандай жұмыстар атқарылды? Отыз жылда облыстың медицина саласында аз жұмыс атқарылған жоқ. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Сондай мекемелердің бірі – Өскемендегі «Ана мен бала орталығы». Емдеу орны соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Орталық басшысының айтуынша, аурухананы жабдықтауға соңғы жылдары 5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Облыс орталығындағы кешенді медициналық мекеме жылына 9000-ға жуық нәзік жандыларға қызмет көрсетеді. Өңірлік бағдарлама аясында орталықтың дәрігерлері 3-тен 6 айға дейінгі мерзімге шетелге барып, тәжірибе жинақтап қайтады. Өңірде барлық медициналық мекемелерге көңіл бөлінеді.  Мемлекет тарапынан  ана мен бала, кардиохирургия, санитарлық авиация, онкология орталықтарына қажет медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер уақтылы сатып алынып, қамтамасыз етіледі. Дәрігерлер еліміздің денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар біраз жылдардан кейін оң нәтиже беретініне сенімді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар