ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ШҚО тұрғындарының 20% -ы вакцинацияланады

13:36, 20 қаңтар 2021

Шығыс Қазақстан тұрғындарының 20 пайызын вакцинациялау жоспарлануда. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны егу жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айынан басталмақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше егу жұмыстары кезең-кезеңімен өтеді. Ең әуелі инфекцияның таралу қаупі басым осал топтарын вакцинациялау көзделген. Бұл топқа медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, педагогтар, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдар кіреді. Алдын ала есептеу бойынша бұл облыс тұрғындарының 20% -ын құрайды. Квоталар мен кезек болмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген ресми мәліметінде қарсы көрсетілім туралы да айтылған. Нақтырақ айтсақ, құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе оның қандай да бір бөлшегіне аса жоғары сезімталдық, аллергиялық реакциялар, созылмалы аурулардың асқынуы бар жандарға мұқият болған жөн. Сондай-ақ, жүкті және омырауда баласы бар әйелдерге вакцина салуға болмайды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Ем шараға барлық клиникалық сынақтар аяқталғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Айта кетейік, ресейлік "Спутник V" вакцинасы екі компонентті. Құны Ресей мен әлемде шамамен 20 доллар, яғни 8 411 теңгені құрайды. Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандық вакцинаның құны қаңтар-ақпаннан кешіктірілмей белгілі болады. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі және барлық азаматтарға тегін. Коронавирусқа қарсы вакциналау емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі, ол үшін арнайы пункттер құрылмайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар