ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ШҚО-ДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

17:19, 26 қаңтар 2021

Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 2020 жылдың желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда алты есе азайған. Мәселен, қарашаның 7-сі күні 383 адам індетке шалдықса, бүгінгі күнгі жағдай бойынша 45 шығысқазақстандықта ауру симптомдары табылып, алдын алу мен күресу шаралары нәтижесін берген. Бұл туралы облыстың Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли онлайн режимдегі баспасөз брифингінде айтып берді. Соңғы дерекке сүйенсек, облыста 19880 тұрғын індеттің ілмегіне ілінген. Владимир Ли осылай деді. Оның айтуынша, аймақта 738 ауру ошағы анықталды. Ал ауырғандармен қарым-қатынаста болған 1713 адам дәрігерлер бақылауына алынған. Аймақтағы 22 зертханада тәулігіне 14 мыңға дейін сынама алуға болады. 526 мыңнан астам тұрғын ПТР тестін тапсырған. КВИ-ты диагностикалауға арналған 46 мың 500 сынама әлі де сақтаулы. Владимир Лидің сөзіне сенсек, аймақтың медициналық әлеуеті жеткілікті. Жиында азаматтарды вакцинациялау мәселесі де сөз болды. Денсаулық сақтау басқармасы өкілі қазір бұл бағытта дайындық жұмыстары жүріп жатқандығын мәлімдеді. Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық денсаулығына қатысты 77-бапты жариялаған. Онда коронавирустық инфекциямен қатар өзге де кез-келген екпе ерікті түрде салынатыны нақты жазылған. Егер азамат вакцина салғызғысы келмесе, жазбаша түрде бас тарта алады.



 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар