ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ШЕТЕЛ КЛИНИКАЛАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

17:27, 27 сәуір 2021

Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлері шет елдің озық клиникаларында біліктіліктерін арттырып, білімдерін жетілдіруде. Облыс әкімдігінің үш деңгейлі бағдарламасы бойынша өзге мемлекетте тәжірибе жинақтаған дәрігерлер өңірдің медицинасына тың серпін бермек.  Сан талай сынақтармен сыналатын адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде деген сөз бекер айтылмаса керек. Гиппократ антына адалдық танытып жүрген дәрігерлердің біліктілігін арттыруға қолдау көрсетіліп жатқанда әрдайым даму, өсу жолында өзіңді жетілдіріп отыруың маңызды дейді жас мамандар. Израиль мен Англияда біліктілігін арттырып келген жас маманның бірі – Маржан Дайрабаева. Медицина университетін педиатр маманы болып тәмамдаған ол шетелден қосымша медициналық генетикадағы зертхана әдістерін оқып келген. Ал Светлана Ясько Ұлыбританияға барып жүктілікті жүргізу, босандыру кезеңдерімен танысып қайтқан. Англиямен салыстырғанда, жүкті әйелдерді қабылдау палаталарында айтарлықтай өзгешеліктері жоқ. Тек босандыру кезіндегі жаңашылдықтармен танысып келдім дейді ол. 2019 жылға дейін облыстың 276 дәрігері Англия, Литва, Израиль, Польшадағы жетекші клиникаларда біліктіліктерін арттырған. Ал биыл тағы қосымша 50-ден астам медицина қызметкері шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтеді деп жоспарлануда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар