ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

13:34, 2 наурыз 2021

19 ақпанда жарияланған №4 қаулыға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, аймақта шектеу шаралары тағы да жеңілдеді. Енді 1-5 сынып және 9, 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Сабақтың 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқу форматында болады. Санитарлық-дезинфекциялық ережелер сақтала отырып 50 адамға дейін жерлеу, еске алу рәсімдері өткізіледі. Сондай-ақ, мешіттерде шахмат тәртібімен тұрып, жұма намазын оқуға болады. Дегенмен, діни орын келуші санының 30%-ын ғана толтыруы тиіс. Сонымен қатар, енді азық-түлік емес тауарларды сататын сауда нысандары жексенбі күндері сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған қоса, қаулыда жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен басқаларға баруға рұқсат етілгендігі  жазылған.  

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар