ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

13:36, 18 қаңтар 2021

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес облыс аумағында 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап 31 қаңтарға дейін  шектеу шаралары ұзартылды. Шектеу шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Қаулыға сәйкес медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау шаралары әлі де жалғасады. Сонымен қатар, тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтырылуымен білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына рұқсат етілген. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар