ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ

13:32, 21 сәуір 2021

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Өскемен, Семей қалалары және Аягөз ауданы ауру жұқтырғандар деңгейі жоғары өңірлерге жатқызылды. Осыған орай ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұған сәйкес «қызыл» аймаққа кірген Өскемен, Семей, Аягөзде 23 сәуірден бастап 3 мамырға дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді. Аягөз ауданында 2 санитариялық бекет орнатылады. Аталмыш аумақтарда ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жабық. Ал ғимараттардың ішіндегі базарлар сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмыс күндері сағат 21.00-ге дейін, ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. Фудкорттарға уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, қалған уақытта тек тамақ алып кетуге және жеткізуге рұқсат берілген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтардың болуына рұқсат етілді. Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін саны 25 оқушыларымен аралас форматта оқиды. Оқу бітіретін сыныптар аптаның 6 күні ішінде аралас оқиды. Пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқу форматында жүзеге асырылады. Сауналар, жабық спорт объектілері  сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді. Көрермендердің қатысуымен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар және концерт залдарының жұмысы шектелді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар