ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

СӘТТІ ОТА

17:19, 10 ақпан 2021

Өскемендегі Ана мен Бала орталығының дәрігерлері аса ауыр отаны сәтті жасады. Алғаш рет 4 жасар қыздың басындағы ісік алынды. Орталықта мұндай ота бұрын-соңды жасалмаған. Өткен жылдың желтоқсан айында 4 жасар Даринаның маңдайында ісік пайда болды. Алғашында ата-анасы бала ойнап жүріп, басын ұрып алды деп ойлаған. Бірақ, ісіктің көлемі уақыт өте ұлғайып, өсе берген. Дерті жанын қинаған Даринаны Ана мен бала орталығына жеткізеді. Дәрігерлердің қойған «ми ісігі» диагнозынан кейін анасы «төбеме жай түскендей болды» деп еске алады. Бүлдіршінге отаны неғұрлым тез арада жасау қажет болды. Уақыт жоғалту Даринаның жағдайында өте қауіпті. Сол себепті, өскемендік нейрохирургтері отаға барынша тыңғылықты дайындалған. Дәрігерлер әрекетінің сәттілігіне сенім тек 30 пайызды құраған. Себебі, мұндай отаның орталықта алғаш рет жасалды. Отаны тәжірибелі 3 хирург жасады. Әзірге Дарина мамандардың бақылауында. Дәрігерлер жағдайының жақсы екенін, жуықта ауруханадан шығатынын жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар