ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

СЕМЕЙДЕ «QazVak» ПРЕПАРАТЫН ЕГУ БАСТАЛДЫ

13:30, 5 мамыр 2021

Шығыс Қазақстан тұрғындары отандық «QazVak» вакцинасын қабылдай бастады. Семей қаласының тұрғындары да екпені алып жатыр. Вакцина алған азаматтардың хал-ахуалы қандай? ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Думан Берікұлының мәліметінше, қалаға «QazVak» вакцинасының 2000 дозасы жеткізілген. Бір мың доза бірінші компонент ретінде, қалғаны 21 күннен кейін салынатын екінші компонент ретінде қолданылатын болады. Демек, қазір тұрғындардың ресейлік немесе  қазақстандық препаратты алуға мүмкіндіктері бар. Оны қазақстандықтардың өздері таңдайды. Қала тұрғыны Серікжан Иманғалиев отандық өнімді күткенін айтады. Осы мақсатта ол мерекелік күндерді пайдаланып №3 емханада екпе салдырды. Айта кетерлігі, қаладағы №3 емхананың жұмысы демалыс күндеріне қарамастан қызу жүргізілді. Екпе салдырушылар саны көп болды. Солардың бірі 45 жастағы қала тұрғыны Айман Жәнібекова. Ол мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер. Өзімді және өзгелерді қауіпті індеттен қорғау үшін, екпені міндетті түрде алуым керек деп шештім,-дейді ол.    Індеттің алдын алудың жалғыз, жеңіл әрі қолжетімді жолы — вакцинация. Сондықтан, дені сау ұрпақты дүниге әкеліп, тәрбиелеу үшін бұл дертті қазір тоқтату керек, -дейді қала тұрғыны Любовь Бейсебекова. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қалалық №3 емхана мереке күндері штаттық тәртіпте жұмыс істеді.  Қазір емхана қорында ресейлік вакцинаның 500-ге жуық дозасы мен 100-ден аса отандық препарат бар. Барлығы да жеткілікті мөлшерде дейді дәрігерлер.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар