ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ЕКПЕ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АДАМДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

13:34, 28 сәуір 2021

Семейде індетке қарсы «Спутник-v» екпесін алып жатқан адамдар саны күннен- күнге көбеюде. Емханалардың барлығы екпемен қамтамасыз етілген. Әріптестеріміз қала тұрғындары тығыз орналасқан №7 емханада болып, жағдаймен танысып қайтты Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Індетке қарсы вакцина салу жұмыстары ақпан айынан бері қарқынды жүргізілуде. Бұл істе дәрігерлер ұжымы халықпен етене жұмыс жасауда. Қалада №7 емханаға 700 доза келіп түскен. Дәрігерлердің айтуынша екпе алу кезінде тұрғындар тарапынан ешқандай шағымдар болған жоқ. Екпе арқылы індеттің алдын-алуды түсінген тұрғындар ерікті түрде тіркелген мекен-жайлары бойынша келіп екпе алуда. Қауіпті індеттің алдын алу үшін әрбір адам санитарлық талаптарды сақтап, қоғамдық орындарда көп жүрмегені абзал. Сонымен қатар, екпе алу да маңызды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар