ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

САЛ АУРУЫН ЖЕҢГЕН ӨСКЕМЕНДІК ДӘРІГЕР

13:30, 26 ақпан 2021

Дәрігер қазіргі замандағы ең қажетті мамандық иесі. Келесі сюжеттің кейіпкері жай ғана өз ісінің маманы емес, ол әр пациентке үміт пен сенім ұялатады. Бұған дейін өзі де сал ауруымен ауырған өскемендік дәрігер Азамат Райымбеков мүмкіндігі шектеулі, ерекше күтімді қажет ететін балаларды емдейді. Азамат Райымбеков – облыстық Ана мен бала орталығына қарасты балалар ауруханасында қызмет етеді. Оңалту бөліміне келіп түсетін тірек-қимыл жүйесі зақымданған балаларды емдейді. Өзі де сал ауруымен күресуде. Оның ақ халатты абзал жан болуына  диагнозы себеп болған. «Өзім бұл ауруға шалдыққан соң, ерекше пациенттердің жағдайын  жақсы түсінемін» дейді ол. Бұл емханада жас мамандар көп. Мұнда облыстан шықпай-ақ қажетті ем-домнан өту мүмкіндігі бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қамқорлық» қоры есебінен бөлмелер заманауи үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Дәрігерлердің айтуынша, «ата-аналар бұдан былай Нұр-Сұлтанға немесе Алматыға барудың қажеті жоқ» деп қуанып отыр. Көпшілігі емдеуден кейін бірден үлкен өзгерістерді аңғарған. Мысалы балалар отыруға, жүруге, тіпті сөйлеуге бейімделе бастаған. Естеріңізге сала кетейік, орталықта 18 жасқа дейінгі науқастар оңалту курсынан өте алады. Ең бастысы, барлық қызметтері ақысыз.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар