ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

РАДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

13:38, 14 мамыр 2021

Облысытың ядролық медицина және онкология орталығы екінші кезеңді іске қосуға дайындалуда. Осылайша, Қазақстанда алғашқы радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды. Бас дәрігердің айтуынша, медициналық бөлімнің ашылу салтанаты маусым айына жоспарланған. Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейге сапары барысында бірегей медициналық кешеннің жұмысын тексерді. Айта кетейік, бұл мекеме таяу арада қатерлі ісікті ерте сатыда анықтайтын радионкулидті диагностика орталығына айналады.  Орталықта орналасқан ең заманауи үлгідегі циклотрон әлемде 41-інші орында, ал Қазақстандағы бұл жалғыз құрылғы. Сәуір айында ашылған радиоизотопты диагностика бөлімінде  60 науқасқа зерттеу жүргізілген. Аталмыш зерттеулер ішкі органдар мен тіндер функциясы және құрылымын бағалауға мүмкіндік береді, бұл тиімді емдеу әдісін таңдауға көмектеспек. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің орталыққа сапары барысында медициналық кешеннің уақтылы іске қосылмауының себептері де талқыланды. Мамандардың арқасында қазір  радиациялық қауаіпсіздік шаралары бір жүйеге келтірілді.  Ол толығымен автоматтандырылған. Соңғы жылдары орталықтың 80 қызметкері әлемнің 20 елінде тағылымдамадан өткенін Даниал Ахметов ерекше атап өтті.  Биыл тағы да бірқатар мамандар жарты жылдық мерзімге оқуға жіберіледі. Әкім сапары барысында жаңа инновациялық жабдықтары бар оңалту орталығын жұмысымен де танысты. Айта кетейік, ауруханада бүгінде ШҚО тұрғындары ғана емес, басқа да өңірлерден келіген азаматтар да ем қабылдауда.

 

 

 

        

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...