ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

17:52, 26 қараша 2020

 «Қызыл аймаққа» енген шығысқазақстанда коронавируспен күрес шаралары жалғасуда. Облыс орталығында жаңа медицина мекемелері де бой көтеруде. Мәселен №4 қалалық аурухана қарамағына берілген пульмонологиялық орталық болашақта пандемиямен күресуден бөлек,  тыныс алу жолдары, пневмония, бронхиалды демікпе, бронхит сияқты дерттерді емдеумен айналысатын болады. Қалалық №4 аурухана  тұрғындарға медициналық көмек көрсететін мекемелердің бірі. Өскеменде қайта жаңғыртылудан өткен ғимарат аталған мекеме қарамағына беріліп «Пульмонология орталығына» айналды. Жаңарған нысан   пульмонология саласы бойынша тұрғындарға қызмет көрсетпек. 150 орындық  медициналық мекеме  15 жансақтау  палатасымен де қамтылмақ.  Нысанды пайдалануға беру желтоқсанның 1 жұлдызына жоспарланған. Медицина орталығындағы әр палата заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Қосымша бес ПТР-зертхана мен үш КТ-кабинеттері де бар мұнда.  Сондай-ақ қажетті сынамаларды жүргізуге мүмкіндік беретін өзге де зертаханалар орналасқан. Науқасқа қажетті барлық ем-шара бір ғимарат ішінде жүзеге асады. Дәрігерлердің айтуынша бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Әрі емделушіні өзге медицина мекемелеріне апарудың қажеттілігі тумайды. Облыс тұрғындарына қызмет көрсететін орталық қажетті мамандармен толық қамтылады. Қала басшылығының айтуынша дәрігер жетіспеушілігі мәселесі болмайды. Қазіргі таңда аймақтағы медицина университеттерінің бірімен келісім-шарт жасалуда. Қазіргі таңда нысанда медициналық құрылғылар мен жиһаздарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Атап өтерлік тағы бір жайт, әр палатаға тікелей оттегі келіп тұрады. Орталықта пульмонолог-дәрігерлер мен қатар инфекционистер де жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар нысан 35 орындық жансақтау және интенсивті терапия бөлімдерімен қамтылмақ.

 



 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар