ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАНЫ ЕГУ БАСТАЛДЫ

17:17, 28 сәуір 2021

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе қойдыру жалғасуда. Өңірімізге отандық QazCovid-in  вакцинасының алғашқы топтамасы жеткізіліп, екпені салу басталды. Бүгін Өскемен қалалық №2 емханаға таңертеңнен бастап вакцина қойдыруға 100-ден астам адам келген. Біздің арна тілшілері алғашқылардың бірі болып отандық вакцина алуға келген қала тұрғындарының хал-жағдайымен танысып, жұмыстың ұйымдастырылу барысын көріп қайтты. QazCovid-in отандық вакцинасын ерікті түрде алуға келгендердің ішінде мемлекеттік қызметкерлермен қатар басқа да қарапайым тұрғындар, зейнеткерлер бар. Екпе алуға келушілердің бәрі бірінші кезекте өз денсаулығымызға мән беріп,  жұқпалы індеттен сақтанғанымыз жөн дейді. Жалпы, биылғы жылдың ақпан айынан бері  қалалық №2 емханаға келіп, вакцина қойдырғандардың  саны 2200-ден асады. Елімізде екпе алу үшін жас мөлшеріне байланысты шектеу жоқ. Сондықтан егде жастағы адамдар ерекше белсенділік танытуда. Бүгінде осы емханада екпе қойдырғандардың ең үлкені – 82 жастағы әжей болса, ал ең жасы – 19 жастағы студент. COVID-19-ға қарсы вакцина екі құрамнан тұрады. 21 күннен кейін, яғни  екінші рет қойылғанда иммунитет күшейеді. Бір қорапта 10 ампула, ал әр флаконда бір адамға арналған 0,5 милилитрлік компонент бар. Екпе алғандар үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар