ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ОТАНДЫҚ ВАКЦИНА ОБЛЫСҚА ЖЕТТІ

17:17, 27 сәуір 2021

Отандық вакцина ерікті түрде екпе аламын деушілерге салына бастады. Еске сала кетейік, 22 cәуір күні COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілген болатын. Бірінші 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, ары қарай елдің барлық аймақтарындағы денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілген. Қазір жер-жерде азаматтарды вакцинациялауға дайындық жұмысы қызу жүргізілуде. Шығыс Қазақстанға отандық вакцина жеткізілді ме? «QazVaс» коронавирусқа қарсы тұрудың бірден бір жолы» дейді министрлік өкілдері. Ресми мәліметке сүйенсек, вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілген. Вакцинация бұлшық етке салу арқылы 2 кезеңмен, 21 тәулік уақыт аралығымен өтеді. «Әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханаларының дәрігерлерін, эпидемиологиялық қызметті, науқастармен ең көп байланыста болатын адамдарды иммундау қажет» делінген болатын. Айта кетейік, облыста 27 сәуірден бастап отандық екпені салу басталмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар