ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ

13:38, 2 наурыз 2021

Шығысқазақстандық ғалымдар елде алғаш болып медициналық импланттар жасауды қолға алды. Бірнеше жылдық еңбек өз нәтижесін беріп, бүгінде импланттар науқастарға орнатылды. Жоба клиникалық сынақтан сәтті өтті. Инженер-зерттеушілер дәрігерлердің нұсқамасымен соңғы үш жылдың ішінде 10 түрлі имплант жасаудың технологиясын меңгерді. Жамбас сүйек, омыртқа, табан, иық сүйектеріне имплант жасау – ғалымдардың негізгі бағыттары. Зертхана мамандарының аз уақытта жеткен басты жетістіктері – аяғынан тік тұрған науқастар. Омыртқа аралық кейдждер былтыр клиникалық сынақ ретінде науқастарға алғаш рет орнатылды. Міне, бір жылдан бері өз тиімділігін дәлелдеп отыр. Қазір патенттеу үрдісі қолға алынған. Мамандар Қазақстанның Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мамандарымен тікелей байланыста. Қазір зертханада 10 инженер-зерттеуші тер төгуде. Көбі – жастар. Ақбота Қасенованың бұл салаға қызығушылығы магистратурада оқып жүрген кезінде оянған. Қызметі – станоктарға бағдарлама жазу. Қазір аяқ сүйегін қалыпқа келтіретін импланттарды шығару жобасымен айналысуда. Бұл проблема көп әйелдерге таныс. Аяқ киімі қысып, мазасы қашып, ақыры қимыл-қозғалысы ауруына әкеліп соғады. Дәрігерлер қазіргі кезде мәселені тек операциялық жолмен кесу арқылы ғана қалыпқа келтіреді. Ал бұл импланттардың арқасында кесудің қажеттілігі туындамайды. Адам сүйегіне орнатылған соң, қалыпқа келу үрдісі басталады. Дәл мұндай жобаны Қазақстанда алғаш болып шығысқазақстандық ғалымдар қолға алды. Қазір отандық медицина мекемелері импланттардың барлығын шетелден сатып алады. Бұл әлбетте баға саясатына тікелей әсер етеді. Отамен қосқанда имплант құнын кез-келгеннің қалтасы көтере бермейтіні анық. Ал қазақстандық үлгі өзімізде жасалғандықтан әлдеқайда арзанырақ болады. Ғалымдардың алдағы күндерге жоспарлары ауқымды. Травматологиялық бағыттан бөлек стоматологиялық имплант шығаруды жолға қоюды мақсат еткен.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар