ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ОТА ЖАСАУДАҒЫ ОЗЫҚ ӘДІС

13:36, 10 желтоқсан 2020

Қазақстанда алғаш болып өскемендік дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудегі жаңа әдісті қолдана бастады. Оның ерекшелігі ота фокусталған ультрадыбыс арқылы жасалады. Заманауи технологияның озық жетістігі жайлы келесі материалда. Онкологияда фокусталған ультрадыбысты қолданудың инновациялық әдісін шығысқазақстандық ақ халаттылар шекара асып Израильде үйреніп келген. Халықаралық серіктестік аясында шетелдік дәрігерлердің бақылауымен отандық хирургтер жаңа әдісті облыста қолдануды бастады. Алғашқы операциялар гинекологиялық ісіктерді емдеуде жүргізіледі. Жаңа тәсілмен дәрігерлер бірнеше сағат ішінде наркозсыз, еш жерді тілмей-ақ жатыр қуысында пайда болған ісіктің көзін жояды. Облыстық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы арқылы аймақ емханалары замнауи қондырғылармен жабдықталып, дәрігерлер әлемнің үздік ауруханаларында тағылымдамадан өтуде. Шетелдік білікті мамандар отандық дәрігерлердің дайындығын жоғары бағалады. Шеберлік курстары келесі жылы да жалғасын табады. Жергілікті дәрігерлер фокусталған ультрадыбыспен қуықасты безі обыры мен сүйек метастазын емдеу жолдарын үйренеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар