ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЕКПЕ САЛУҒА ӘЗІРЛІК ҚАНДАЙ?

13:34, 7 сәуір 2021

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық денсаулық сақтау басқармасының COVID-19 індетін жұқтырғандар саны күрт өскен жағдайға дайындығын талқылады.  Жалпы, Шығыс Қазақстан соңғы үш ай көлемінде жасыл аймақ шеңберінен шыққан жоқ. Десе де, осы уақытқа дейін өңірде 23 мыңнан астам коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелді. Аймақта коронавирус індетімен күрес және оның алдын алу бойынша кешенді шаралар қолға алынуда. Мәселен, қазіргі таңда стационарлардағы науқастар жатқан төсек орын қоры 4,5% құрайды.Ал жалпы статистикалық деректерге көз жүгіртсек, облыс аумағында 3 544 инфекциялық орын бар, оның 319-ы реанимациялық. "D" жұмыс жоспарына сәйкес қажет болған жағдайда инфекциялық орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға толық мүмкіндік бар. Бұдан бөлек облыс бойынша 67 – рентген-аппараты, 1 142 – оттегі концентраторы , сондай – ақ 24 – оттегі станциясы орнатылды. 368 – ӨЖЖ аппараты, 18 – компьютерлік томограф, жалпы қуаттылығы тәулігіне 13,9 мың зерттеуді құрайтын 22 – ПТР зертханасы жұмыс істейді. Жеке қорғаныс құралдары да толық жасақталған. Жиын барысында аймақта вакцинациялау шараларының жүзеге асырылу барысы да талқыланды. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 9 457 шығысқазақстандық алды, ал ревакцинациядан 5 118 адам өтті. Қазір егу пункттерінің санын арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Бір апта ішінде облыстың ірі кәсіпорындары мен сауда орталықтарында қосымша 60 вакцинация пункті ашылады. Алдағы уақытта тағы 40 орын әзірлеу көзделген. Өскемен, Семей қалаларында және Алтай, Аягөз, Үржар аудандарында КТ-зерттеу жүргізу алгоритмі жасалды. ПТР-зертханаларының бірыңғай желісінің оңтайлы жұмыс кестесі мен 24/7 режиміндегі кезек тәртібін ойластыру жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар