
Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 таралуының алдын-алу үшін аймақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді жаңа қаулыға сәйкес аймақта санитарлық бекеттер қойылады. Облыс аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 сәуірінен бастап 15 сәуірге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, Алматы, Қарағанды облыстары жағынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін 4 санитарлық бекет орнатылады.