ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

НАУҚАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАНДАР - БАҚЫЛАУДА

17:49, 24 қараша 2020

Өңірде эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Осыған байланысты облыс әкімі шұғыл жиын өткізіп, өңір тұрғындарына үндеу жасады. Аймақ басшысы қазіргі уақытта COVID-19 сырқаттанған науқастармен байланыста болған, ауырған азаматтар толық бақылауға алынғанын атап өтті. Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгінге дейін бірқатар кемшіліктерге жол берілгенін, эпидемиологиялық тіркеу жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілмегендігін айтты. Осылайша тұрғындар өздерінің вирусты симптомсыз тасымалдаушылар екендіктерін білмегендіктен науқастар саны күрт көбейген болатын. Тестілеу бойынша жоғары деңгейді Алтай - 22,7 және Риддер – 27,7 көрсетіп отыр. Айта кетейік, соңғы 5 күнде қосымша 1079 адамнан жұқпалы дерт анықталған. Облыс аумағында мобильді топтардың телефон арқылы қадағалауы толығымен жойылды. Аймақ басшысы әкімдер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар