ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді

13:36, 1 маусым 2021

Облыстың медицина қызметкерлерін шетелдің жетекші клиникаларында оқытудың өңірлік бағдарламасы бекітілді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын қаражат көлемі шамамен миллиард теңгені құрап отыр. Облыс әкімі оқытылған мамандардың саны емес, сапасы маңызды екендігін баса айтты. Еске сала кетсек, биыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алдына оқу мерзімін ұлғайту туралы нақты міндеттер қойылған болатын. Соның негізінде медицина қызметкерлерінің тағылымдамадан өту мерзімінің ең аз уақыты үш айды құрады. Тек басқарма негіздейтін кейбір жағдайларда бір айға оқуға рұқсат етіледі. Облыс әкімі Өскемендегі онкологиялық орталықты қажетті хирургиялық құралдармен жабдықтаудың ұсынысын әзірлеуді де тапсырды. Биыл Семей қаласының жедел медициналық жәрдем емханасына, көпсалалы онкологиялық орталыққа компьютерлік томограф сатып алынады. Сондай-ақ, Ана мен бала орталығына құны 800 млн теңгені құрайтын магниттік-резонанстық томография қосымша алынады деп жоспарлануда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...