ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

КТ АППАРАТТАРЫ ЖЕТЕ МЕ?

16:15, 23 қараша 2020

Коронавирус инфекциясын дәлме-дәл анықтау үшін компьютерлік томография аппараттарының маңызы зор. Жақында шығысқазақстандықтар әлеуметтік желілерде осы құрылғылардың облыс ауруханаларындағы жұмысына және жүктемесіне шағымданған болатын. Осыған орай аймақ басшысы Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасына және әкімдерге бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды Сонымен қатар, облыс әкімі компьютерлік томографияға жиналатын ұзын-сонар кезекті болдырмау мәселесін де көтерген болатын. Айта кету керек, бүгінгі таңда өңірде 18 КТ-аппараты бар. Мысалы, ана мен бала орталығында екі компьютерлік құрылғы жұмыс істеп тұр. Ал тағы бірі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға арнайы бөлінген. Сондай-ақ, бүгінгі күні қалалар мен аудандардың бас дәрігерлері әкімдермен бірлесіп стационарлық емделуде жатқан науқастар үшін КТ-ға тексеруден өту кестесін жасады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар