ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

13:34, 9 сәуір 2021

1 ақпаннан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес елде коронавирус індетіне қарсы вакцина салу науқаны бастау алған болатын. Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының бірінші және екінші копоненттерінің 36 400 дозасы қазіргі таңда облысқа жеткізілді.  Бірінші компонент 12 мың шығысқазақстандыққа егілді. Ал коронавируспен ауырған азаматтарға вакцина салдыруға бола ма? Вакцина салдырудан қорқудың қажеті жоқ дейді дәрігерлер. Себебі, елде қолданылып жатқан ресейлік «Спутник-V» вакцинасы қажетті клиникалық зерттеулерден өткен. Вакциналардың арқасында шешек, полиомиелит, сіреспе сияқты ауыр дертті жеңуге болатындығын есте ұстаған жөн. Дәл осы екпе шаралары арқылы дәрігерлер коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қоймақ. Дәрігерлер коронавируспен ауырып, емделіп шыққан азаматтарға да екпе салудың қажеттігін айтады. Себебі, вакцинация дертті қайта жұқтыру қаупін мейлінше азайтады. Сәуір айында коронавирусқа қарсы екпенің бірінші және екінші компоненттері жеткізілетін болады. Әр компоненттен 82 200 дозадан. Бұл дегеніміз халықты жаппай вакцинациялауды бастауға жол ашылады деген сөз. Қазіргі таңда вакцинация жүргізілетін және медицина  қызметкерлерін даярлау  орындары анықталуда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар