ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КӨКТЕМДЕГІ ДӘРУМЕН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ

17:15, 7 сәуір 2021

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін көктем мезгілінде адамдарда  әлсіздік байқалып, витамин жетіспеушілігі болатыны рас. Бұл маусымда вирус жұқтыру қаупі де жоғары. Оның алдын алу үшін не істеу керек? Мамандар не дейді? Витамин жетіспеушілігінің себептері өте көп. Көктем мезгілінде  витамин жетіспеушілігін болдырмау үшін алдымен оның белгілерін білу қажет. Мамандардың айтуынша, аурудың негізгі себептері - ұйқының қанбауы және стресс. Сонымен қатар, адамдардың болмайтын нәрсеге ренжуі, имунитеттің әр түрлі ауруларға қарсы тұру алмауы байқалады. Дәрумен жетіспеушілігі салдарынан адам ағзасының  түрлі дертке шалдығу қаупі жоғары болып келеді. Соның бірі бүгінде өршіп тұрған індет. Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Сонымен, бүгінгі күнге дейін 50 мыңнан астам адам екпе салдырды. Үкімет жыл соңына дейін 10 миллион азаматты вакцинациялауды жоспарлап отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар