ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ

14:13, 5 қараша 2020

Аймақта қалыптасқан эпидахуалға байланысты қаладағы қоғамдық орындарда  санитарлық талаптар күшейтілді. Қауіпті індеттің алдын алу шаралары жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде де басты назарға алынды. Автобустарда  әр айналымнан кейін тазалық жұмыстары жүргізіліп,  зарарсыздандырылуда. Бетперде режимінің сақталуы да қадағаланады. Дегенмен, шешілмеген мәселе де жоқ емес. Қоғамдық көліктерде әлеуметтік ара қашықтық сақталмай отыр. Қаламыздағы жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерде санитарлық талаптардың сақталуына баса мән берілуде. Мәселен, №35 автобус күніне бекітілген желіде 6 айналым бойынша адам тасымалдайды. Туберкулез диспансерінен Восход кенті аралығында қатынайтын қоғамдық көлік соңғы аялдамаға жеткенде арнайы ерітіндімен зарарсыздандырылады. Жүргізушілер мен кондукторлар автобустардың ішін сыпырып,  адам қолы тие­тін жерлерді: тұтқалар мен орындықтарды, валидаторларды  сүртіп, тазалайды. Күн салқындағаннан кейін қоғамдық көлікпен қатынайтындардың үлесі артатыны айтпаса да түсінікті. Автобустың ішінде зарарсыздандыру жүргізілгенімен, онда әлеуметтік ара қашықтық сақталмай отыр. Жолаушылар ағынының көп болғанына қарамастан, желіде қоғамдық көліктер жеткілісіз,- дейді тұрғындар. Автобустардың жүру аралығы да ұзақ. Сондықтан, аялдамада қоғамдық көлікті біраз күтуге тура  келеді. Автобус - қала тұрғындары қатынайтын негізгі көлік құралы. Онда қажетті санитарлық талаптардың сақталуы шарт. Дегенмен, бекітілген ережелерге тұрғындар да салғырттық танытпай, жауапкершілікпен қарағаны жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...