ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

17:24, 19 қараша 2020

Облысымыз короновирус инфекциясын жұқтыру бойынша әлі қызыл аймақта қалып отыр. Қауіпті дерттің таралмауы – ең алдымен әркімнің жауапкершілігіне байланысты екенін дәрігерлер күнделікті айтса да, нәтиже көңіл көншітпейді. Атап өтерлігі, науқастанған адамдар үшін COVID-19-дың зардаптары да зор,- дейді медицина қызметкерлері. Облысымызда коронавирусқа байланысты жағдай күрделі. COVID-19-бен кез-келген жастағы адамның сырқаттануы мүмкін. Ауруды жұқтыру адамның иммунитетіне байланысты. Егер адамның дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, мұрны бітеліп, ентіксе ең алдымен дәрігерге жүгіну қажет. Адамның дене қызуы көтерілсе, ауруханаға бару міндетті емес. Яғни, телефон арқылы үйге мобильді топты шақыруға болады. Арнайы топ науқастың жағдайына қарап, әрі қарай не істеу керектігі жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде ауырған адамның үйде ем қабылдауы немесе ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Короновируспен ауырған адамдар ұзақ уақыт бойы оңалту шараларынан өтулері тиіс. Бұл жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты COVID, пневмониядан айыққандарға өңірлік фтизиопульмонология орталығында  балалар мен ересектерге оңалту жұмыстары жүргізілуде. Короновируспен күресте қаламыздағы қан орталығы да үлес қосуда. 1-маусымнан бастап потенциалды донорларды іріктеу жұмыстары жүргізілді. 1-шілдеден антиденелері бар иммунды плазмалар дайындала бастады. Короновирус дертінің өршуіне байланысты, дәрігерлер сақтық шараларын естен шығармауға шақырады. Яғни, қауіпті дертті жұқтырмау үшін әркім бетперде тағып, қашықтықты сақтап, қолды жиі жуып, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу керек.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар