
Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды. Тұрғындардың вирус жұқтыру репродуктивтік санының орташа мәні 1-де 0.9ды көрсеткен. Әзірге облыс «жасыл аймақта». Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 22 мыңнан астам облыс тұрғыны ауру жұқтырған. Оның ішінде 15737 адам ауру белгілерімен болса, 7109-ы симптомсыз. Ал, мектеп оқушылары арасында 2019 жылдың бірінші қыркүйегі мен 2021 жылдың наурызы арасында вирус жұқтырған 1300-ден астам бала анықталған. Облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев осылай деді. Айта кетейік, соңғы қабылданған қаулыға сәйкес шектеу шаралары өңірде 2-сәуірге дейін ұзартылып отыр. Сондай-ақ, құжатта карантиндік шектеулерді жеңілдету де көзделген. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Департамент өкілі тұрғындарды денсаулықтары үшін сақтанып, ережені сақтап жүруге шақырады. Әлбетте, гигиеналық тазалық пен «әлеуметтік қашықтық» қағидасы алғашқы орында.