ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАР

14:09, 24 қараша 2020

Облыста мониторингтік топтардың рейді тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Өкінішке орай, індет жайлаған шақта көңіл көтеру орындары демалыс күндері жұмысын жасырын жүргізіп әлек. Бақылау тобы сенбі күні өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған шектеу шараларына қарамастан, жұмыс істеген мекемелерді анықтады. Демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынса да заңды белден басқан кәсіпкерлер саны аз емес. Мәселен, мына бір мекеменің жұмысы сенбі күні мониторингтік топ келгенге дейін қызды. Бақылау тобының мүшелері келген шақта көңіл көтеру орталығында адам лық толы. Жабық есік артындағы кештің шырқын бұзған мониторингтік топқа, әлбетте қонақтар наразылықтарын білдірді. Тек екі күндік рейд барысында бірнеше мекеменің санитарлық талаптарды сақтамағаны  анықталды. Өскемендегі түнгі клубтың өзінде бір кеште 70-тен аса адам болған. Ал монша, сауналарда жайылған дастархан басында оншақты тұрғын көзге түскен. Өзінің және өзгенің денсаулығына селқос қараған кәсіпкерлер жазасыз қалмайды. Анықталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары тиісті материалдарды рәсімдеді. Дәл осындай рейд Семейде де жүргізілді. Кешкі уақытта мейрамхана, караоке, бар, түнгі клубтар тексерілді. Арнайы топ қаладағы моншалардың біріне ат басын бұрды. Алайда, иелері рейдке қатысушыларды нысанға кіргізбек түгілі, өздерін ұялы телефонға түсіріп, сес көрсетті.  Жасырғаны болмаса, барлығын көрсетер еді,- дейді арнайы топ мүшелері. Ал нысан иесі болса, мұның қонақ үй кешені ретінде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бастапқыда заң бұзған кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Енді нақты шаралар қолданылмақ. Заң барлығына ортақ. Рейдтік шаралар алдағы күндері де ұйымдастырылатын болады,- дейді мониторингтік топ мүшелері.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар