ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

14:04, 24 қараша 2020

Өскеменде коронавирус індетімен ауырғандармен жұмыс қағидасы өзгерді. Шаһар бойынша 100 мобильді топ құрылып, қаладағы 13 емхананың 200 медицина қызметкері тәуліктік режимде жұмыс істеуді бастады. Қала билігінің айтуынша, бұрынғы жүйе індеттің алдын алуға еш ықпал етпеген. Сол себепті жұмыс күші жұмылдырылып, бақылау күшейген. Соңғы бір аптадан бері арнайы жасақталған мобильді топ індет анықталған ошақтардағы жұмысты бастады. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, әкімдік барлық емхана қызметкерлерінен құралған мобильді топтарды жеке қорғаныс құралдарымен, қажетті керек-жарақпен толық қамтамасыз еткен. Енді мамандар бұрынғыдай телефоны арқылы кеңес бермейді. Тест нәтижесі оң болған кез-келген тұрғынды база арқылы анықтап, мобильді топ тікелей науқасқа жөнелтіледі. Вирус жұқтырған жанды оқшаулап, тікелей байланыста болған жандарды да бақылауға алады. Мобильді топ тәулік бойы қызмет көрсетеді. Әкімдік осынау жаңа жүйе Өскеменде коронавирус індетінің таралуын толық бақылауға алуға мүмкіндік береді деп санайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар