ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЕКПЕ АЛУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

13:32, 30 сәуір 2021

Семейде коронавирусқа қарсы екпе алып жатқан адамдардың саны да артып келеді. Бүгінгі күнге дейін 17 мыңнан астам қала тұрғыны вакцина алды. Шаһардағы екпе бекеттерінің бірі «Жанер» медициналық орталығында орналасқан. Алдымен келушілер дене қызулары мен қан қысымдарын өлшетіп, сауалнама парағын толтырады. Дәрігер өкпесін  тыңдап, тексереді. Бақылаудан өткеннен соң ғана вакцина алуға болады. Екпе алғаннан кейін кейбір адамдарда ештеңе байқалмай, жайлы өтсе, енді біреулердің басы айналып, қан қысымының жоғарылауы және жалпы өзін жайсыз сезінуі мүмкін дейді дәрігерлер. Вакцина алғысы келетіндердің арасында жастар да, қарт адамдар да бар. Білім беру ордаларымен, қаладағы мекемелердің қызметкерлері де ұжым болып, індетке қарсы вакцина алуда. Қала тұрғындарының да белсенділігі артқан. СПУТНИК –V вакцинасының алғашқы дозасын алып, 21 күн өткеннен кейін екінші дозасын алуда.  Бүгінде Семей қаласында 45 вакцина егу бекеттері ашылған. Алдағы уақытта  екпе алушылардың саны артса, сауда орталықтары да бұл іске қосылатын болады. Сонымен қатар жылжымалы бригадалардың да жұмысы басталды. Бұл үшін алдын-ала емханаға қоңырау шалып, уақытын нақтылау қажет. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы екпе алғанды растайтын eGov mobile  қосымшасында вакцинация паспорты енгізілді. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі. Адам қандай препарат, қанша доза, қай күндері салдырғаны көрсетіліп тұрады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар