ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Екпе алғандар қатары қалың

13:38, 9 маусым 2021

Риддер қаласында тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе салу қарқыны жоғары. Бірінші кезекте тұрған дәрігерлер мен педагогтардан бөлек, өзге тұрғындар арасында да вакцина алуға ниет білдіргендер қатары қалың. Тіпті, кезекке де тұрып жатыр. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам адам вакцина алып үлгерді. Таң ата сала екпе пункттерінде тұрғындар кезекке тұруда. Жартысы алғаш екпе алуға келсе, енді жартысы екінші компонентке кезекке тұр.Әсіресе орта жастан асқан тұрғындардың қатары қалың. Солардың бірі Қанатбек Түгелбаев Дәрігерлердің айтуынша, бұл тұрғындардың сенімінің белгісі. Сонымен қатар, әр азаматтың жауапкершілігінің көрсеткіші десе болады. Өз кезегінде ақ халатты абзал жандар кезекті көп күттірмей, тұрғындарға екпені барынша жылдам салуға тырысатындарын жеткізді. Гүлнар Кітапбаеваның айтуынша, екпе алғандардың басым бөлігі дәрігерлер, педагогтар, полиция қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлер. Олардың қызметтері тікелей тұрғындармен жұмыс істеуге байланысты болғандықтан олар жауапкершілікті түсіне отырып, вакцина алуға қуана келуде. Вакцина алар алдында дәрігерлер тексермейді деген әңгімені жиі естуге болады. Дегенмен, он шындыққа жанаспайды дейді Риддер қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Хорлан Хисамитова. Екпе алар алдында да, алып болғаннан кейін де әрбір азамат бақылауда болатынын жеткізді. Бүгінде Риддерде 12 екпе пункті жұмыс істеп тұр. Оның 4-і емханаларда болса, 6-ы кәсіпорын аумағында орын тепкен. Сондай-ақ, жылжымалы медициналық пункттерде де бір-бірден орналасқан.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...