ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЕКІНШІ ТОЛҚЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ

13:38, 30 қараша 2020

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында Үлкен Нарын ауылындағы аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге 400 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Инфекциялық бөлім жаңаланды. Сонымен қоса жоспарлы емдеу ісіне де айтарлықтай көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің бастамасымен ауданға рентген, узи сияқты ішінде заманауи құрылғылары бар автобус, яғни диагностикалық медициналық кешен жеткізілді. Толығырақ келесі сюжетте. Енді ауыл тұрғындары уақтылы тексерістен өтіп, сапалы медициналық көмек ала алады. Жақында мамандар ауылдарды аралауды бастайды. Коронавирустың екінші толқынына дайындық шарасы ретінде аудан бойынша 90 төсек орын жабдықталған. Оның 6-уы жансақтау бөлімі. Плазмалар дайын. Жақында бір уақытта 50 нүктеге қосылатын оттегі станциясы орнатылған модуль әкелінді. Жұқпалы аурулар бөлімі жөнделді. Аудан әкімінің айтуынша, әкелінген антивирустық дәрінің ковид-19-ды емдеуде септігі мол. Сонымен қоса тұрғындарға бетперде киюді ұмытпай, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Ауданда денсаулық саласы бойынша 12 мобильді бригада,  7 эпидбригада жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын арнайы мобильді топ құрылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар