ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ЕКІНШІ ПЕРЗЕНТХАНА ЖАБЫЛА МА?

13:34, 6 сәуір 2021

Өскемендегі Шәкәрім даңғылында орналасқан перзентхана енді жүкті әйелдерді қабылдамайды. Бұл нысан 2020 жылы ковидтік аурухана ретінде пайдаланылды. Қазір мамандандырылған ғимарат бос, ал облыс орталығындағы аяғы ауыр аналар шаһардағы «Ана мен бала» орталығына жіберіледі. Өскемен тұрғындары қалада бір ғана перзентхана қалғанына алаңдаушылықтарын білдіруде. Алтынай алғашқы сәбиін күтіп жүрген аналардың бірі. Ол алдағы уақытта №2-ші перзентхана ашылып, қайтадан жұмысын бастайтындығына сенімді. Облыс орталығына жалғыз босандыру нысаны жеткіліксіз дейді жас ана. Ал аурухана басшылығы №2-ші перзентхана бұдан былай босануға келген аналарды қабылдамайтынын, бірақ коронавирус инфекциясымен түскен науқастарды қабылдау үшін резервте сақталатындығын айтады. Сондықтан жүкті аналарға әзірге екінші перзентхананы күтуден басқа амал жоқ секілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар