ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ДЕРТТІ ЕКІ САҒАТ ІШІНДЕ АНЫҚТАЙДЫ

17:17, 8 сәуір 2021

Қазіргі уақытта туберкулезді зертхана әдісімен анықтау толықтай жетілдірілуде. Мәселен, туберкулез ауруы қоздырғышының дәріге сезімтал немесе төзімді екенін анықтау үшін бұрын 1-2 ай уақыт қажет болса, қазір заманауи құрылғылардың көмегімен  небәрі 2 сағатта дайын болады. Озық инновациялық зертханалық технологиялар туберкулезді және оның дәрілерге төзімділігін жедел анықтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде науқасқа қажетті ем уақтылы тағайын­далады. Зертханада қақырық, қан, несеп талдауларынан бастап дәрігерлер тексеруге жіберетін барлық талдаулар жан-жақты зерттеледі. Орталықтың зертханасына аудан орталықтарындағы емханалардың талдаулары да келіп түседі. Зертханада туберкулезді ерте анықтаудың түрлі әдістері қолданылады. Соның бірі жедел талдау жасалатын микроскопиялық әдіс. Микроскоп арқылы талдаулардың нәтижесі бір күнде толық дайын болады. Бір сөзбен айтқанда облыста мамандар туберкулезді емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін барынша қолдануда.

 

                          

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?
13:34, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар