ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР САНИТАРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

16:10, 23 қараша 2020

Шығыс Қазақстанда жұқпалы індетті жұқтыру фактілері азаймай тұр. Әркімнің қауіпті вирус жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндігі бар. Қала дәрігерлері тұрғындарды санитарлық ережелер мен бетперде режимін сақтауға шақырады.Жақында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі онлайн-брифингте Шығыс өңірінде коронавирустық инфекция пандемиясының екінші толқынының белсенді жүріп жатқандығы мен мамандардың оған қарсы шарларды қолға алғандықтары туралы айтқан болатын. Негізгі жүктеме жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне түсуде. Қызметкерлер бірінші толқын кезінде қоңыраулар санының екі есеге артып, тәулігіне бір жарым мыңға жеткенін еске алады. Барлық бригадалар тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Станция қызметкерлерінің дертті жұқтырған жағдайлары болды. Дегенмен қайғылы жағдайлар болған жоқ. Олардың көпшілігі емделіп, оңалтудан өтіп, қайтадан қызметіне кірісті. Бүгінде олар халықты қателіктерді қайталамауға және қарапайым санитарлық ережелерді сақтауға шақырады.Белгілі болғандай, қант диабетімен ауыратын адамдар ерекше қауіп тобына жатады. Қазіргі жағдайда қант диабетін бақылауға болады,- дейді дәрігерлер. Бүгінгі таңда қаламызда жыл қорытындысы бойынша қант диабетімен ауыратын 8 мыңнан астам науқас есепте тұр.Вирусты жұқтыру қаупін азайту әркімнің қолында. Ол үшін бетперде кию тәртібін сақтап, қауіпті дерттің алғашқы белгілері пайда болған кезде, әсіресе жұмыс істейтін тұрғындардың оқшауланғандары жөн,  -дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар