ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР АРНАЙЫ РҰҚСАТПЕН ҒАНА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

13:37, 8 желтоқсан 2020

Аймақтың медицина қызметкерлері инфекция жұқтырған аурулардың «қызыл аймағына» енді тұрақты комиссияның рұқсатынан кейін ғана кіре алады. Мұндай комиссия әр медициналық мекеме жанынан құрылмақ. Бұл туралы бүгін ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли хабарлады. Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы да айтып берді. Аймақта бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 234 дерегі тіркелді. Оның 67 проценті клиникалық белгілері бар науқастар. Облыс бойынша тіркелген көрсеткіштің 27 пайызы Өскеменге, ал 20 пайызы Семейге тиесілі. Аудандар ішінде Глубокое ауру саны бойынша көш ілгері. Дегенмен, Владимир Лидің айтуынша, коронавирусты анықтау статистикасы бойынша соңғы уақытта аурудың төмендеу динамикасы байқалады. Сондай-ақ, брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына созылмалы аурулары бар медициналық мекеме қызметкерлері "қызыл аймақта" жұмыс істеуіне байланысты сұрақ қойылды. Енді барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін тұрақты комиссия бұл мәселеге мұқият қарайды, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. Демек, өңірдің медицина қызметкерлері инфекция жұқтырған аурулардың «қызыл аймағына» енді тұрақты комиссияның рұқсатынан кейін ғана кіре алады.

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар