ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ДЕПУТАТ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛДЫ

13:36, 1 сәуір 2021

Халық коронавирусқа қарсы вакцинаны қайдан алатынын білмей жүр. Осылай деген Мәжіліс депутаты екпе егу жұмыстарының өте баяу жүріп жатқанын айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. Ирина Унжакованың айтуынша, Ұлыбритания, Израиль, Словакия, Сербия секілді елдерде азаматтардың жартысынан 90 пайызына дейін екпе алып үлгерді. Ал бізде екі ай ішінде  130 мыңнан аса адамға вакцина салынған. Бұл халықтың небары 0,7 пайызы. Бұлай жалғасса, екпе егу жұмыстары 15 жылға дейін соызылып кетуі мүмкін дейді депутат. Істі шапшаңдатуды сұраған ол түсіндіру жұмыстарын жандандырып, вакцина жеткізудің жоспарын, екпе егу кестесі мен оның пунктері қайда орналасқаны жайында мәліметтерді жария ету керек дейді.  Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев Үкімет басшысының орынбасары Мұхтар Тілеубердіге жолдаған депутаттық сауалында Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың саны 10 мыңнан асатынын, және жасырын жұмыс істеп жүргендіктен олардың құқықтары мүлдем қорғалмағанын айтты. Отандастарымыз шет елге туристік визаны арқау етіп, жасырын барады. Сосын сол жақта қалып, нәпақа табады. Бірақ, кейбір азаматтарымыз аурып-сырқап, түрлі жарақат алып жатады. Осы тұста олардың медициналық және әлеуметтік көмек алуға ешқандай мүмкіндігі жоқ, - дейді депутат. Айта кетерлігі, Оңтүстік Кореямен Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан сынды 15 мемлекет еңбек миграциясын заң жүзінде реттеп алған, алайда бұл тізімде Қазақстан жоқ. Мәжілісте жастарды жұмыспен қамту, олардың өз потенциалын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасау сынды өзекті мәселелер талқыға түсті. Ресми орган таратқан мәліметке сүйенсек, жастардың 92-пайыздан астамы жұмысқа орналасқан. Жас буын өкілдеріне техникалық және кәсіптік білім беру де бір ізге қойылған. Соңғы екі жылда 25 мың адам осы бағыт бойынша шеберлігін шыңдапты. Осы жылы тағы 21 мың адамды кәсіптік біліммен қамту жоспарланған. Жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін бірнеше бағдарлама іске қосылған. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар