ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҒЫ НАШАР СӘБИЛЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ

17:38, 11 желтоқсан 2020

 Шала туған және айы күні жетіп дүние есігін ашқан денсаулығында ақауы бар балалар саны артып барады. Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала орталығының» нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімінде жылына 450 бала емделеді. Тілші тарқатады. Мына бір сәби 705 грамм салмақпен шала туған. Қазіргі салмағы 1100 келіден асады. Жалпы, қарқынды емдеу бөлімі 12 балаға арналған. Жылына 500 ге жуық сәби емделіп шығады. Шала туғандардың кейбірі ғайыптың құсындай дүниеден өтеді. Мұндағы сәбилер дүниеге келгеннен бастап ана сүтімен қоректенеді. Ал қалған органының дамуын және қалыпқа келуін заманауи технологиялар мен мамандар жүзеге асырады. Шырын Сайлауханованың мейірбике болып еңбек еткеніне небәрі төрт ай. Бірақ төрт айда осындағы балалардың барлығына бауыр басып кеттім дейді. Нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімінің қай маманы болсын білікті. Оған қоса мұндағы медициналық құрал жабдықтар да заманауи. Ана өз баласының қамын ішке біткеннен ойлап, қамқорлық жасаса. Ал біздің алақанымызға түскен баланы шамамыз жеткенше құлан- таза айықтырып, анасының құшағына аман есен салудан  ешқашан ерінбейміз. - дейді нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімінің мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар