ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ

17:48, 24 қараша 2020

Шығыс Қазақстан облысы індетке шалдыққандар көрсеткіші бойынша елде көш бастап, «қызыл аймаққа»енді. Күн санап коронавирусқа шалдыққандар саны артты.  Салдарынан өңірде дертпен күресу мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Аймақта енгізілген қатаң шектеу шаралары өз жемісін бере бастады.  Коронавирусқа шалдығу деңгейі апта басынан төмендеп келеді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев мәлім етті. Аймақтағы эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен ошақтарды оқшаулау орталығы құрылды. Аталған орталықтың мақсаты дертке шалдыққандарды анықтап, байланыста болған азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында  жыл басынан бері  15 417 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Облыста дертке шалдығу көрсеткіші төмендегеннен кейін бірнеше кәсіпкерлік нысандарының қызметіне рұқсат берілді. Әрине бұл нысандарға қойылған талапта бар. Ұстануға тиісті міндетті ережелер қатарында әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен  тазалық жұмыстарын жүргізу қағидасы көрсетілген. Талғат Тұңғышбаев брифинг барысында жанармай құю станцияларының жұмыс режиміне ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін атап өтті. Аталған орындар көліктерге үздіксіз қызмет көрсетуін жалғастыра бермек.
 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар