ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ

14:09, 5 қараша 2020

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев әлеуметтік желіде  айыппұлдарды тағайындау және Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санитарлық ережелері азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады  деген ақпараттардың негізсіз екендігін айтады. Оның айтуынша барлық қабылданып жатқан шаралар заң аясында жүзеге асырылуда.

Шығыс Қазақстан облысында 4 қарашада  222 адам короновирус індетін жұқтырған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері аймақтағы 12 аудан мен қала тұрғындарында  COVID-19 диагнозын растады. Дертке шалдығу көрсеткішіне жеке-жеке тоқталсақ. Аудандар мен қалалардағы жағдай мынадай: Өскемен – 98, Семей - 36,  Алтай ауданы – 27, Риддер - 21, Глубокое ауданы – 11, Бородулиха ауданы – 10, Ұлан ауданы – 8, Катонқарағай ауданы– 4, Жарма ауданы – 3, Курчатов – 2, Тарбағатай мен Бесқарағай аудандарында инфекция жұқтырудың 1 дерегі тіркелген.

Осылайша, науқастар санының өсуі салдарынан  облыс коронавирустың таралу қарқыны бойынша қазіргі уақытта қызыл аймаққа енді. Халықтың санитарлық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауын бақылау мақсатында облыс бойынша 19 қала мен аудан бойынша 128 мониторингтік топ құрылды.  Қазан айының басынан  облыс аумағында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. 1-3 қараша  аралығында облыс бойынша 1 715 рейд жүргізілді, 9 421 нысан қамтылды. Бекітілген талапты орындамағандарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 34 297 190 теңге сомасына 426 айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы әлі де жалғасуда.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...