ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

БЕТПЕРДЕ ТАҒУ МІНДЕТТІ

13:30, 15 сәуір 2021

Апта көлемінде Өскемен және Семей қалаларындағы автобус аялдамаларында құқық қорғау органдарының қызметкерлері шектеу шараларын сақтау туралы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Қала әкімдері, ауруханалардың бас дәрігерлері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен құқық қорғау органдарының басшыларымен онлайн-кеңес барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен және Семей қалаларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторингті күшейтуді тапсырды. Құқық қорғау қызметкерлеріне көмекке еріктілер де келді. Олардың айтуынша, бірлескен жұмыстың арқасында азаматтарға бетперде тағудың және әлеуметтік арақашықтық сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге мүмкіндік бар. Айта кету керек, қазір екі өңір ғана "жасыл аймақта" тұр. Бұл Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары. Осы аймақтарда  Сovid-19 жағдайы тұрақты деп бағаланады. Сол себепті бұл өңірлерде шектеу шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
13:36, 1 маусым 2021
Медицина мамандарын даярлаудың бағдарламасы бекітілді
Толығырақ...
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
13:34, 28 мамыр 2021
Ядролық медицина орталығы іске қосылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар