ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

БАС САНИТАРҒА БАҒЫНБАҒАН МЕКЕМЕЛЕР

13:40, 30 қараша 2020

Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен күресу мақсатында құрылған мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған бұл топ аймақтың Бас санитарлық дәрігері бекіткен талаптардың орындалуына бақылауда. Өңірде қазіргі таңда  128 мониторингтік топ жұмыс істейді. Тексеру жұмыстары қала тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелерінің арасында жүргізілуде. Коронавирустың таралуының алдын-алу мақсатында Бас санитар бекіткен талап барлығына ортақ болғандықтан, оны орындау жалпыға міндет.  Бұл жолы мониторингтік топ мүшелері рейдтік шараларды түнде жүргізді. Нәтижесінде түнгі уақытта қызметі қызып, келушілерді бекітілген уақыттан тыс мезгілде қабылдап жатқан орын анықталды. Облыс орталығында бір күнде 80 нысан тексерілді. Демалыс күндері жұмысын тоқтатпаған қаладағы автожуу мекемесінің біріне  319 470 теңге айыппұл салынды.  Ал санитарлық нормаларды сақтамаған сауда орындары мен гүл сататын дүкен иелеріне салынған айыппұлдың жалпы соммасы-208 350 теңге.  Бас санитар белгілеген талапқа сәйкес қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық мекемелері қызметін жұмыс күндері кешкі сағат 22.00-ге дейін жүргізуі керек. Ал демалыс және мейрам күндері келушілерді қабылдауға рұқсат жоқ.  Қаулыны елемей ережені бұзғаны үшін кәсіпкерлік нысан иелері ғана емес, келушілер де айыппұл арқалайды. Сондықтан, шектеу шараларында айтылған қағидаттарды ескеріп, қоғамдық орындарда бетперде тағып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен қорғауға үлес қосқаныңыз абзал, дейді мониторингтік топ мүшелері.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар