ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АЯГӨЗДЕ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛА БАСТАДЫ

17:22, 3 желтоқсан 2020

Аягөзде медицинаның мүмкіндігі артып келеді. Ауданда медициналық көмек жақсарып, ақ халаттылардың жұмысына көңілі толатындардың қатары өскен. Орталық ауданаралық аурухананың үлкен жетістігі екінші деңгейдегі кардиологиялық орталықтың ашылуы. Орталықтың негізінде емханаға құны 421 млн теңге тұратын ангиограф аппараты сатып алынды. Бұрын тек шетелдік клиникаларда ғана қолжетімді құрылғы, бүгінде аудан жұртшылығының игілігіне жарап, адам өміріне араша түсуде. Соның арқасында жүрекке күрделі оталар жасалуда. Ауданға ангиограф аталатын құрылғыны сатып алуға бюджеттен 421 млн теңге бөлінді. Бұған облыс әкімі Даниал Ахметов ықпал еткен. Бүгінде ШҚО «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры,  «Медициналық-инновациялық технология» ЖШС мен Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы арасында үшжақты келісімшарт жа­салып, ангиограф аппараты орналасатын жерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүрек ауруларының ең қауіптісі – инфаркт. Инфаркт бір қайталанса, тағы да  қайталануы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, инфаркт өлімге апаратын 10 басты дерттің ішінде көш бас­тап тұр. Күрделі ота жасауды қажет ететін дерттің бұл түрінен де Аягөз орталық ауданаралық ауруханасы сәтті ота жасаудан көш бастап тұр. 2012-2016 жылы екі рет инфаркт алған Сабыржан Сағатов бірнеше рет ажал аузынан қалған. Аягөз орталық ауданаралық ауруханасында медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Корея, Франция, Сингапур, Испания тағы да басқа шетелдерде іс-тәжірибеден өткен білікті маман ота жасайды. Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық медициналық орталығында жұмыс істеп, ұлттық кардиологиялық орталықта мол тәжірибе жинаған дәрігер 2 айдың ішінде 100-ден астам ота жасап, 40 адамның өмірін құтқарған.Аудандағы мемлекеттік емдеу мекемелерінде 72 мың 719 тұрғынға 108 дәрігер мен 412 орта буынды медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.

                                  

Тақырып бойынша материалдар

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
13:38, 2 наурыз 2021
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ИМПЛАНТТАР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар